57-52-17 (қабылдау бөлмесі) 25-69-30, 23-90-03, 8-700-714-69-30 (тіркеу бөлімі) reception@pab.kz

Астана қ.

2024 жылғы 05 шілде

 

Төраға: Лясова А.А.

Хатшы: Тян-Ю-Чан Л.В.

Қатысты: 37 жұмыскер.

Қатыспады: 8 жұмыскер (тізім қоса беріледі).

Болмау себебі: жұмыскерлердің жоқ екенін растайтын құжаттардың болуы (демалыс туралы бұйрықтар)

Күн тәртібі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Патологоанатомиялық бюро» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (СТІТ) нәтижелерін талқылау.

 

Сөз сөйлегендер:

Кәсіпорын директоры А.А.  Лясова:

Кәсіпорынның СТІТ нәтижелерін талқылауды ашты, қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, қатысушыларды кәсіпорынның СТІТ бойынша талдамалық анықтама жасауды ұсынды.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 27.05.2024 жылғы №46 бұйрыққа сәйкес, Кәсіпорында ағымдағы жылы 2023 жылғы 03 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезең үшін СТІТ жүргізді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес СТІТ нәтижелерін жария талқылауды жүргізу қажет.

2024 жылғы 28 маусымда кәсіпорынның ресми сайтында СТІТ нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырылды (байланыс деректері сайтта бар). 

Нұсқаулыққа сәйкес СТІТ нәтижелерін жария талқылауға барлық мүдделі адамдар, соның ішінде кәсіпорынның қызметкерлері мен пациенттері қатыса алады.

Талқылау кезеңінде Кәсіпорынның сайтына пациенттер мен өзге де жеке адамдар тарапынан кәсіпорынның СТІТ-ін жария талқылау кезінде ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

 

Заң кеңесшісі, комплаенс-қызметке жауапты Л.В. Тян-Ю-Чан:

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Кәсіпорынның СТІТ мына бағыттар бойынша жүргізілгенін хабарлады:

  1. Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Кәсіпорынның ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Кәсіпорынның СТІТ мыналар негізінде жүргізілді:

1) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 16.01.2023 жылғы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;

2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.12.2022 жылғы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

3) кәсіпорын директорының 27.05.2024 жылғы №46 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы.

Кәсіпорын директорының 12.05.2023 жылғы №43 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» бұйрығымен құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) Кәсіпорынның СТІТ-ін жүргізген кезде объективтілік, дәйектілік, ашықтық, жан-жақтылық қағидаттары сақталды.

Кәсіпорынның СТІТ нәтижелері бойынша Комиссия ұсынымдармен Кәсіпорынның СТІТ аталдамалық анықтамасын дайындады.

Бірауыздан шешті:

  1. Кәсіпорынның СТІТ талдамалық анықтамасындағы ақпарат объективтілікке, сенімділікке, ашықтыққа және жан-жақтылыққа күмән келтірмейді.
  2. Кәсіпорынның СТІТ талдамалық анықтамасында баяндалған ұсынымдар орындалуға жатады.
  3. Кәсіпорынның СТІТ жүргізу рәсімі бұзушылықсыз жүзеге асырылды.

 

Төраға  А. Лясова

Хатшы  Л. Тян-Ю-Чан